1С Қазақстан 2025 жылғы 8 қазанда «Қазақстандағы үздік 1С пайдаланушысы 2025» конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) басталғаны туралы жариялайды.
Конкурсқа ҚР резиденттері болып табылатын жеке тұлғалар – «ПРОФ» деңгейіндегі 1С:АТС Қазақстан пайдаланушылары, «Оңтайлы», «Кеңейтілген», «Бюджет», «БФБ», «1С:Қазақстанға арналған МИБ, ЖС, БК, СК, ПИК 1С:Бухгалтериясы. ПРОФ» тарифтері бойынша 1С:Fresh пайдаланушылары қатыса алады.
Алайда, алғашқы іріктеу турына барлық 1С пайдаланушылары қатыса алады.
Екінші турға қатысуды жалғастыру үшін қатысушы келесі пайдаланушы болуы керек:
• «ПРОФ» деңгейіндегі 1С:АТС Қазақстан пайдаланушы, немесе
• «Оңтайлы», «Кеңейтілген», «Бюджет», «БФБ», «1С:Қазақстанға арналған МИБ, ЖС, БК, СК, ПИК 1С:Бухгалтериясы. ПРОФ» тарифтері бойынша 1С:Fresh пайдаланушысы.
Егер конкурс қатысушысы осы талаптарға сәйкес келмесе, екінші турға қатысуды жалғастыру үшін көрсетілген қызметтерді 31.10.2025 дейін рәсімдеуі қажет.
Конкурсқа қатысушыларды бухгалтерлік және салықтық есепке алу, «1С:Бухгалтерия для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия») бағдарламасы мен 1С сервистерін пайдалану тақырыбындағы тестілеу, кейстер және әртүрлі тапсырмалар күтеді.
Конкурсқа қатысуға «1С:Бухгалтерия для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия») бағдарламасы бойынша өз білімін тексергісі, жаңа дағдыларды меңгеріп, 1С сервистері туралы білгісі келетін 1С пайдаланушылары шақырылады.
Конкурсқа қатысу – бұл кәсіби дағдыларды тексеру мен жаңа білім алу тәсілі ғана емес. Жанды шығармашылық атмосфераның арқасында қатысушылар іскерлік ортада жаңа адамдармен танысады, пікірлестермен қарым-қатынас жасайды, тәжірибе алмасады және «1С» кәсіпқойларының достық қоғамдастығының бір бөлігіне айналады. Қатысушыларды жаңа адамдармен танысу және әріптестерімен жақсы қарым-қатынас жасау күтеді.
Конкурс мынадай үш турда өткізіледі:
- its.1c.kz ақпараттық ресурсында тестілеу түрінде онлайн-форматтағы алғашқы іріктеу туры (2025 жылғы 8 қазан – 2025 жылғы 30 қазан).
- Астана, Алматы, Өскемен, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау қалаларында көзбе-көз/офлайн форматтағы екінші тур (болжамды күні – 2025 жылғы 13 қараша, дәл күні Конкурстың сайтында (thebest.1c.kz) көрсетіледі).
- Астана қаласында көзбе-көз/офлайн форматтағы ақтық тур (болжамды күні – 2025 жылғы 11 желтоқсан, дәл күні Конкурстың сайтында (thebest.1c.kz) көрсетіледі).
Алғашқы іріктеу турының нәтижелері бойынша екінші турға 100-ден кем емес Конкурсқа қатысушы іріктеп алынады.
Екінші турдың қорытындысы бойынша финалға 10-нан кем емес Конкурсқа қатысушы іріктеп алынады.
Ақтық турдың қорытындысы бойынша 3 жеңімпаз – 1, 2, 3-орын айқындалады.
КОНКУРСТЫҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ
- 1-орын – бас жүлде: автомобиль және «Қазақстандағы үздік 1С пайдаланушысы 2025» жеңімпазы атағы;
- 2-орын – 800 000 теңге және «Қазақстандағы үздік 1С пайдаланушысы 2025» конкурсының күміс жүлдегері атағы;
- 3-орын – 500 000 теңге және «Қазақстандағы үздік 1С пайдаланушысы 2025» конкурсының қола жүлдегері атағы.
Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстандағы «1С» сауда таңбасының өкілдігі – «ИнфоСофтПром» ЖШС болып табылады. 1С жетекші серіктестері Конкурс өткізілетін орталықтар болып табылады, Өткізілетін орталықтардың тізімі Конкурстың сайтында (thebest.1c.kz) жарияланған.
КОНКУРСТЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ
Конкурсқа қатысушыларды сервистік қолдау
konkurs.its@1c.kz e-mail-і арқылы жүзеге асырылады.
Конкурс бойынша егжей-тегжейлі ақпарат
https://thebest.1c.kz/ сайтында.
Конкурс туралы ереже
сілтеме арқылы.
КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУДІҢ ЖОСПАР-КЕСТЕСІ
(күндер өзгеруі мүмкін, дәл күндер thebest.1c.kz Конкурстың сайтында көрсетілген)
|
Басталуы |
Аяқталуы |
Алғашқы іріктеу туры (онлайн) |
2025 жылғы 8 қазан |
2025 жылғы 30 қазан |
Алғашқы іріктеу турының нәтижелері – екінші турға өткен қатысушыларды айқындау |
2025 жылғы 31 қазан |
2025 жылғы 4 қараша |
Қатысушылардың екінші турына тіркелу |
2025 жылғы 4 қараша |
2025 жылғы 9 қараша |
Екінші тур (өткізілетін орталықтарда көзбе-көз) |
2025 жылғы 13 қараша |
2025 жылғы 13 қараша |
Екінші турдың нәтижелері – ақтық турға өткен қатысушыларды айқындау |
2025 жылғы 14 қараша |
2025 жылғы 28 қараша |
Финал және конкурстың қорытындысын жариялау |
2025 жылғы 11 желтоқсан |
2025 жылғы 12 желтоқсан |